Арна туралы
  • Gakku TV — тек қазақстандық контент таратушы тұңғыш музыкалық телеарна.
  • Арнада сапалы музыка орындайтын жас дарындар мен танымал әртістер тәуелсіздік алғаннан бері ең алғаш эфирге ақысыз түрде түсе алады.
  • Gakku арнасының басты мақсаты — отандық музыка мен мәдениеттің деңгейін арттыру және көпшілікке тарату, жастарда патриоттық сезімді көтеру.
  • Арнаның музыкалық толтырылымы отандық әртістердің соңғы 30 жыл ішіндегі ең үздік шығармашылық жұмыстарынан тұрады
  • Эфирді музыкалық бағыттарға бөлу түрлі музыкалық талғамы бар көрермендерге өздері ұнатуы бойынша музыка табуға мүмкіндік береді.
  • Gakku TV арнасында бейнеклип тарату ережелері

    Gakku TV эфиріне арнаның техникалық және көркемдік талаптарынан өткен отандық орындаушылардың бейнебаяндары тек ақысыз түрде қабылданады. Бейнеклиптерді ротациялаудың ақылы түрлері қарастырылмайды.


    Бейнеклипіңізді арнадан көргіңіз келсе, көркемдік кеңестің қарауына music@gakku.tv мекен-жайына жолдаңыз. Хат мазмұнында оның файл алмасу желісіне жүктелген сілтемесін көрсетіңіз (YouTube немесе басқа желілер), немесе бейнеклипті хатқа тіркеп жолдаңыз.


    Егер бейнеклип интернет желілеріне жүктелмеген болса, файл алмасудың басқа тәсілдері арқылы жүктеп (мысалы: google drive, wetansfer.com, rghost.net, dropbox, т.б.), music@gakku.tv электрондық мекен-жайына жолдаңыз.


    Сонымен қатар, әннің дұрыс атауын, орындаушысын, музыкасы мен сөзін жазған авторларын, және байланыс көздерін көрсетуді ұмытпаңыз.


    Туындыңыз жоғарыдағы талаптарға сәйкес келген жағдайда, электрондық поштаңызға міндетті түрде жауап жіберіледі. Көркемдік кеңестің шешімдері өзгерілмейді. Шешімдерді қайта қарауды талап етпеуіңізді сұраймыз.

    Gakku арнасындағы тұсаукесер

    Егер сіз «Jap-Jana» айдарындағы «Тұсаукесер» категориясына қосылуды қаласаңыз, бейнеклиптің телеарнадағы және интернеттегі алғашқы және эксклюзивті көрсетілімдер құқығы Gakku арнасының меншігіне тиеді. Ол үшін бейнеклип интернетте, әлеуметтік желілерде және өзге телеарналарға ұсынылмауы керек. Сондай-ақ, ұзақтығы 15–30 сек созылатын клиптің трейлері тұсаукесер мерзімінен бір апта бұрын жіберілуі қажет.


    Назар аударыңыздар!

    Барлық ақпарат алмасу және тілдесу жолдары тек электронды пошта арқылы жүзеге асады. Телефон, sms, whatsapp және т.б. байланысу жолдары мүмкін емес.