Антология
16
Айгүл Иманбаева
Орындаушы туралы

Актриса, әнші, тележүргізуші - Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева 15 наурызда 1977 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған. 1994 - 1998 жылдар арасында Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын сәтті аяқтап шығады. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде ұстаздық қызметіне қабылданады. Және де сол уақыт арасында Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық театрға актрисалық қызметіне жұмысқа тұрады. 2001 жылы Хабар арнасында «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі әрі келіннің образын алып шығады. 2001 жылы алғаш рет ұйымдастырған Республикалық көлемде өткен әзіл ысқақ жарысында әншілерге пародия жасағаны үшін бірінші орынды жеңіп алады. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистратурасына журналистика факультетіне тапсырады.

Кино актриса ретінде атқарған жұмыстары: 2004 жылы Мосфильм түсірген «Человек ветер» фильмінде Шолпан атты қыздың рөлін сомдап шықты. Отандық кинорежиссерлердің де біраз туындыларының басты рөлдерін сомдап шықты. Олар: 2005 жылы «Сүйінші» фильмінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің анасының рөлін сомдап шықса 2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода басты рөлдердің бірі Майра Итаяқованың образын сомдап шығады. 2011 жылы аталмыш фильмнің екінші бөліміне де түседі.

Эстрада саласына 1999 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Қазіргі таңда 10 бейнеклипі отыздан астам әндері бар. 2007 жылы ең алғашқы «Таңғы елес» атты жеке шығармашылық кешін өткізді. 2006 жылы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанады.

2011 жылы тәуекелге бел буып жеке «А.И» драма театрын ашады. Азғантай ғана уақыт өтсе де көрермендерге екі спектаклін көрсетіп үлгерді. Оның бірі Ж.Ануйдің «Медея» трагедиясы болса екіншісі Ш.Бошпековтың «Темір қатын» комедиясы болып табылады.

Туылған куні
1977-03-15
Бейнебаяндар (0)
Әндер (3)
Арманым
Айгүл Иманбаева
Махаббат мұңы
Айгүл Иманбаева
Күзбен сырласу
Айгүл Иманбаева