Антология
29
Қарақат Әбілдина
Орындаушы туралы

Қарақат Әбілдина — қазақ дәстүрлі әнін насихаттаушы, халық және эстрада әндерін орындаушы.

1978 жылы, 6-сәуірде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Байғұл ауылында туған. Санкт-Петербург қаласындағы халықаралық балалар байқауына қатысқан (1993), Бельгияда жеке концерттік бағдарламасымен өнер көрсеткен (1999).«Шабыт» халықаралық конкурсының дипломанты (2001). Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Домбырамен халықтық ән айту» классын педагог, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәуле Жанпейісовадан дәріс алған; орындау шеберлігі бойынша аспирантураны (2004) педагог, профессор, Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосыновтың сыныбын бітірген. Қазақстанның Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2005). «Жылдың теңдессіз ұлттық әншісі» номинациясында «Алтын Самұрық» конкурсы I сыйлығының иегері (2006)., ҚХР (Шанхай, 2004) және Австриядағы (қазан, 2005) Алматы қаласының Мәдениет күндеріне арналған концерттерге қатысқан.
Тұрмыс құрған. Жұбайы — Болманов Қыдырәлі Нұртайұлы. Ұлдары — Бекболат, Иманәли, Нұрәли, Айсұлтан. Қазір шәкірт тәрбиелеп отырған ұлықты ұстаз. Астанада «Қарақат» мектеп студиясы бар. Халықаралық байқаулардан жүлдемен оралып, еліміздің бас қаласында кештерін де өкізіп үлгерді. 

Туылған куні
1978-04-06
Бейнебаяндар (0)
Әндер (0)