Жаңалықтар
31 наурыз, 2016

Ninety One-ның алғашқы жетістігі

Gakku Top Ten шеруінде түбегейлі өзгеріс!

Өткен жылдың қазан айынды қазақ эстрадасына аяқ басқан Ninety One тобы өздерінің алғашқы «Айыптама» атты бейнебаянын жарыққа шығарды. Отандық шоу-бизнеске өзгеше дүние алып келген жігіттерді барша жастар қол соға қарсы. Алайда, кейінен дау туындады. Бірақ, біз ол жайлы айтқымыз келіп отырған жоқ. Бүгін олардың жетістігін сөз етеміз. 

Жаңа Q-Pop стилін ойлап тапқан жігіттер бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, өзге мемлекеттерде де танылды. Танылып қана қоймай шетелдіктерді қазақша сөйлетті. 

Бұдан өзге олар біздің Gakku Top Ten шеруімізде жиырма апта бойы үздік атанды. Оларды ешқандай әнші басып оза алмады. Сол себепті, лайықты демалысына аттандырып, қолдарына сыйын тарту еттік. 

Бұл сыйлығымызға қуанған жігіттер шабыт алып алдағы уақытта талмай еңбек етеміз деп уәде етті. 

"Көп-көп рақмет. Біз өте қатты қуаныштымыз, - бөлісті Ninety One тобының жігіттері. - Бұл деген менің ойымша біздің ең бірінші жеңісіміз және де әлі де алға қарай баса береміз. Бұдан да үлкен жетістіктерге жете береміз деген үміттеміз"

Топ мүшелері бүгінгі жетістігінің алдымен үлкен еңбектің және де өздерінің тыңдармандары қолдауының арқасында екенін жақсы түсінеді.

Сондықтанда, алғысын алдымен eaglez-дарға білдірді. 

глздарға өзіміздің алғысымызды білдіргіміз келеді. Бізді жиырма апта бойы үздіктер қатарында ұстап тұрғандарыңыз үшін рахмет",- дейді жігіттер.

Ninety One тыңдармандары уайымдамаңыздар. Алдағы уақытта олар сіздерді қуантады. Ол қуаныштың да ауылы алыс емес.

 "Біз жаңадан бейнебаянды түсірейік деп жатырмыз, - дейді жігіттер. - Бірақта, енді ол қаншалықты, қандай деңгейде болатынын халық бағалайды, біз емес негізі. Біз енді халықтың көңілінен шығаруға тырысамыз". 

Лайым солай болғай. Тек талмай еңбек ете беріңдер. Хәкім Абай айтпақшы, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы». Сондықтан, жігіттерді айыптай көрмеңіздер. Ninety One тобына шығармашылық табыс тілейміз. 

___________________

Eaglez-дар бұл шешімімізбен келісесіздер ме?

___________________

0
Пікір