Ережелер мен келісімдер
 

Пайдаланушының келісімі


1. Жалпы ережелер
1.1. Біз пайдаланушылардың пікірлері, жеке хаттары, хабарламалары мен анонстары үшін жауапкершілік тартпаймыз. Сайтта қалдырылған барлық пікірлер үшін авторлар жауапты болады.
1.2. Жарнаманың мазмұны үшін жарнама беруші жауапкершілік тартады.
1.3. Администрация сайттың ережелеріне өзгеріс енгізуге құқылы.

2. Пайдаланушылардың сайтта тіркелуі
2.1. Бір аккаунттан артық тіркеуге тыйым салынады (екі мәрте тіркелу, яғни екі не одан артық логинде тіркелу).
2.2. Сайтта бар логинға ұқсас пайдаланушының атын тіркеуге тыйым салынады.
2.3. Жарамсыз жазулар жазылған, сексуалды сипаты бар, немесе өзге адамның рұқсатысыз оның бейнесуреті салынған (жалған кейіпкерлер, кинофильмдердің кейіпкерлері мен әлемге танымал адамдардан бөлек) аватарлар жүктеуге тыйым салынады.
2.4. Аватар бейнесуреті арқылы жарнама беруге тыйым салынады (мекен-жайлар, сайттар, телефон нөмірлері, e-mail, skype, ICQ нөмірлері, т.с.с.).
2.5. Пайдаланушының аты ретінде балағат сөздер, компаниялардың аттары немесе веб-сайттардың мекен-жайларын тіркеуге болмайды.
2.6. Өзіңіздің шынайы есіміңіз бен тегіңізді тіркеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда таныстарыңыз сізді оңай таба алады.
2.7. Аватар немесе бейнесурет жүктеу, жеке деректерді (жыныс, жас) жазу мiндеттi емес.
2.8. Аватар ретінде өз бейнесуретіңізді немесе интернеттен алынған бейтарап суретті жүктеуге болады

3. Блогтарда жариялаудың жалпы ережелері.
3.1. Кез келген тілде және кез келген түрде балағат сөздерді пайдалануға тыйым салынады.
3.2. Жалпы адамгершілік моралдық және әдептілік нормаларды бұзушы мәтіндерді жариялауға тыйым салынады.
3.3. Басқа сайттардың материалдарын қайта басуға тыйым салынады. Егер ол мәтін қажет болса, дереккөзге гиперсілтеме қойылу керек.
3.4. Мәтінді орынсыз безендіруге (транслитерация немесе арнайы таңбалар мен CAPS LOCK батырмасын орынсыз пайдалануға) тыйым салынады.
3.5. Ұлтаралық, гендерлік немесе діни алауыздық тудырушы мәтін, бейнесурет немесе бейнебаян жариялауға тыйым салынады. Бұл жағдайда аккаунт бірден блокқа қойылады.
3.6. «Үлкендерге арналған» контент жариялауға тыйым салынады.
3.7. Тек қана сілтемеден тұратын жазбаларды жариялауға тыйым салынады.
3.8. Құқық иеленушінің рұқсаты жоқ материалдарды жариялауға тыйым салынады (әдеби, өнер, кино, т.б. туындылар)

4. Сайтта тілдесу
4.1. Пікір жазғанда жарамсыз жазбалар қалдыруға тыйым салынады. Оған мәнсіз хабарламалар, мәтіннің тақырыбынан ауытқу, жеке хабар алмасу, ұзын мәтін қалдыру үшін таңбаларды әдейі қайталап басу жатады.
4.2. Пікір алмасуға арналған жерде жеке хабар алмасуға тыйым салынады (бұл үшін арнайы жеке хабар алмасу жүйесі бар).
4.3. Балағат сөздер қосылған пікірлер қалдыруға тыйым салынады.
4.4. Нақты материалға қатысы жоқ хабарламалар мен пікірлер қалдыруға тыйым салынады.
4.5. Қорлаушы, жарамсыз, ұлтаралық алауыздық немесе нәсілдік араздық тудырушы, порнографиялық сипаты бар, немесе ҚР заңдарын бұзушы басқа да материалдар жариялауға тыйым салынады.
4.6. Хабарламаларды көпшілікке жаппай жіберу (спам) рұқсат етілмейді.
4.7. «+» немесе «-» қоюды сұрауға тыйым салынады.
4.8. Жеке тұлғаны тіл тигізіп қорлау, байбаламдау, т.б. тыйым салынады.
4.9. 600 пиксельден астам бейнелерді пікірлерге тіркеуге болмайды.
4.10. БАС ӘРІПТЕР мен транслитерацияны шамадан көп пайдалануға тыйым салынады.
4.11. Сайттың модераторлары мен администраторларының іс-әрекеттерін сөз қылуға тыйым салынады.
4.12. Ішкі жеке араздастықтарды көпшіліктің алдына шығаруға тыйым салынады (бұл үшін жеке хабарламалар жүйесі бар).
4.13. Пікір мәтініне сілтемелер тіркеуге рұқсат етіледі (олар автоматты түрде жарықпен белгіленеді).
4.14. Сізге қойылған нақты сұраққа жаңа пікір жазу арқылы емес, «Жауап беру» батырмасы арқылы жауап беруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда сұрақ қойған адам жауап туралы ескертпе алады.
4.15. Өз пікірлеріңізді жоюға рұқсат етіледі.