Слушать радио
Ән Әлемі Қайрат Баекенов & Формат
gakku fm
Антология
4064
Жанар Дугалова
Об исполнителе

Әнші, композитор, актриса...бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір сырлы қыздарыңыз Жанар Дұғалова, Қызылорда қаласында 1987 жылы қаңтар айының 17-ші жұлдызында Асылбек және Рая Дұғаловтардың отбасында дүниеге келді.

Отбасында екі ағайынды: өзінен кіші Айжан есімді сіңлісі бар. Әкесі Асылбек Дұғалов – Павлодар қалалық маслихатының депутаты, ЖЭС-1 «Қазақстан Алюминий» АҚ-ның бастығы, энергетика саласында жұмыс жасағанына қарамастан, өнерге жақын азамат: домбыра, фортепиано, кларнет аспаптарында ойнап, ән айтқанды жақсы көреді. Анасы Рая Әбітайқызы – кәсіби дирижер, Павлодар облыстық филармониясының әншісі және облыстық телевизиясының режиссеры болған. Сонымен қатар, белгілі ақын, драматург Иранбек Оразбаевтың (Иран-Ғайып) туған қарындасы. Әнге деген махаббаты ана құрсағынан басталса, өлең жазу қабілеті нағашы ағасынан дарыса керек.

5 жасынан сахнада өнер көрсетіп жүрген Жанар, көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 10 жасында Роза Рымбаева апасымен 15 баланың ішінен іріктеліп сахнада Ибрагим Исаевтің сөзіне жазылған Талғат Сарыбаевтың «Отандастар» әнін бірге орындады. Небәрі 14 жасында Жанар «Жас Қанат» байқауының жеңімпазы атанды.
Жанар Дұғалова Павлодар қаласының музыкалық колледжінде бір жыл білім алып, кейін Алматы қаласы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясында білімін шыңдай шықты. Мұнымен тоқталмай, кино және театр актрисасы мамандығы бойынша Мәскеудің ГИТИС-ін үздік тәмамдады.

Ана сүтімен дарыған әнге деген махаббаты бүгін сүйікті кәсібіне айналды. Таланттарының тізімі әлі де жалғасуда. Айта кететіндей, қай жағынан алсаңыз да, Жанар өнерлі адам: ән жазады, өлең шығарады. 2011-ші жылы белгілі продюсер Баян Есентаеваның «Ғашық жүрек или Коктейль для звезды» атты фильміне түсіп, 2012-ші жылдың ақпан айында еліміздің ең үздік girls-band-ді КешYou тобының құрамына кірді. Топ мүшесі атанбас бұрын, жарты жылдай хореографиямен айналысқан.

2014-ші жылдың маусым айында продюсері және өзінің қалауымен топтан шығып жеке орындаушылықпен айналысады. Сол жылы шыққан Баян Есентаеваның «Махаббатым жүрегімде» атты телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдап, көрермен қауымға актерлік қырынан көрінген болатын. Әсем дауысымен өз тыңдарманарын тапқан Жанар қарашаның 21-ші жұлдызында Татарстан мемлекетінің Қазан қаласында өткен «Turkvision-2014» байқауында арнайы Ринат Зайтовпен бірлесе жазылған «Ізін көрем» әнін орындап,  жеңімпаз атанады. Байқау шарты бойынша жеңімпаз ретінде гастрольдік сапармен көптеген Еуропаның бірнеше қалаларында түрк әлемінің басқа әншілерімен бірігіп бірнеше концерт берген болатын. Қазақ жұртына ғана емес, көптеген елдерге танымал болды. Таң қалдыратын жәйт, Германия мемлекетіне құрбысы Ақерке Тәжібаевамен сапарында неміс жігіттерінің «Ізін көрем» әнінің үзіндісін орындағанына куә болды. Бұл байқаудағы жеңіс көптеген өзгерістер әкелді, Жанардың шығармашылығының өсуіне ықпал етті десек артық айтқанымыз емес.

2015 жылы көрермен назарына ұсынылған «Махаббатым жүрегімде» телехикаясының жалғасында түскен. Ал қазан айынан бастап Жанар Shine Production орталығынан бөлек шығып шығармашылығын өз қолына алған болатын. Жеке шығармашылығына көңіл бөліп жатқанмен, «Shine Production» орталығымен байланысы үзілген емес, керісінше жалғасуда, Жанар продюсерлік орталыққа ән жазады.

Әнші қыз бүгін де  кино әлемі мен сахна төрінде өнер көрсетіп, өзін әлі де үздіктер қатарынан көрсетуде.

2015 жылдың қараша айында GakkuTV арнасында Жанардың «Айта берсін» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өткен болатын. Ал жыл соңында Жанар Дұғалова Қазақстан Республикасының ең жас Еңбек сіңірген қайраткері атанды.

2016 жылдың сәуір айында әнші ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымының АҚШ-та өтетін концерттік бағдарламасында Қазақстан өкілі ретінде қатысқан.

 

Дата рождения
1987-01-18
Видеоклипы (3)
Сен емес
Жанар Дугалова
Ізін көрем
Жанар Дугалова
Айта берсін
Жанар Дугалова
Треки (1)
Айта берсін
Жанар Дугалова