Антология
2404
Moldanazar
Об исполнителе

Талантты жас буынның әншісі, композитор Ғалымжан Молданазар 1988 жылы қазан айының 20-шы жұлдызында Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылында дүниеге келді. Отбасында алты ағайынды. Мектеп қабырғасында жүріп не бәрі 16 жасында ән жаза бастаған, алайда әндерін ұялғаннан ешкімге естіртпеген. Әпкесінің тойында ән айтқан кезде мектептегі музыка мұғалімі Ауез Есболов ағайы талантын байқап, Ғалымжанды «Бозторғай» ән байқауына дайындаған.

Алматы қаласына арман қуып келген жігіт 2006 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Театр өнері» факультеті «актер шеберлігі және режиссура» кафедрасына оқуға түсіп сол жылы өз еркімен оқудан шығып кетеді. Бұл жайтты Ғалымжан актер болуға құлшынысының жоқтығымен түсіндірді.

Кейін AYSA-мен танысып студиясында бірнеше ән жаздырып жүргенде «Orda Brothers» продюссерлік орталыққа келеді. Біраз уақыт қарқынды жұмыс жасап, музыкалық білімінің жоқтығына қарамастан, еліміздің AYSA, Қайрат Түнтеков, рок орындаушы Әсем, Ringo тобы және Асыл Беделхан сынды әншілеріне ән жазған. 2011 жылы «Алыстама» әнін шығарып 2013-ші жылдың қаңтар айында ән «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделханның «Запрещенные танцы» фильмінде орындалған.

Алғаш рет 2011 жылы мамыр айында «Хит ТВ» арнасы музыкалық симпозиумда рок орындаушы Әсеммен «Жылама жүрегім» әнін орындап көрінді.

Талантты адам бір орында тоқталмайды демекші, Ғалымжан да «Orda Brothers» продюссерлік орталықтан шығып жеке шығармашылығымен айналыса бастайды. Көпшілікке үйреншікті емес, ерекше сапалы, сөздері құлаққа жағымды туған тілде жазылған әндерімен Қазақстандық қана емес Ресейлік тыңдарман назарынан да тыс қалмады. Бұл жәйт басқа елдерде танымал болу үшін өзге тілде ән айтудың қажеттілігі шамалы екенін дәлелдей түсті. Ән әлеміндегі жаңаша леп – синти-поп және фанк оған қоса қазақ тілді – осының бәрі дарынды Ғалымжан Молданазардың ашқан жаңалығы.

Ғаламторда «Ақпен бірге» әнге түсірілген бейнебаянды екі күн ішінде 21000 адам көріп шықты. Бұл ән Шапағат Орынбаевтың «Ограбление по-шымкентски» фильмінің саундтрегі ретінде жазылған, ал кейіпкерлері Ғалымжанның достары және КТК-ның (көңілді тапқырлар клубы) қыз-жігіттері. Бейнебаян жалықтырған әдемі сюжет, заманауи көліктерді емес, 90-ы жылдардағы кезеңді көрсетеді. Осы бір түпнұсқалығымен тыңдармандарын тапқан Ғалымжан ғаламтор кеңістігінде «хипстерджан» және т.б лақап аттарына ие болды. Қазақстандағы синти-поптың патшасы ән айтумен қатар көптеген хит әндердің авторы: Luina – Неге жаным, Ringo - Сағыныш, Son Pascal – Жаным сол.

Жеке шығармашылыған тыс Айбек Байназаровтың продюсері рөлін атқарып келе жатыр. Үйіндегі кішігірім студиясында әндер, өлең сөздерін жазып аранжировкасын да өзі жасайды, дегенмен бірге жұмыс жасайтын дыбыс продюсері Жан Серікұлы және видео продюсері Азамат Дулатовтан құралған «Түрлі-түсті» атты командасы бар.

2015 жылы мамыр айында Ғалымжан Молданазар Нью-Йорк қаласында АҚШ-тық әйгілі «Break of Reality» рок-виолончелисттер тобымен «Ақпен бірге» әнін жаңа аккомпанементпен жазып шықты. Бұл әннің мастерингін жасаған әйгілі Rihanna-мен жұмыс істейтін Chris Gehringer. Өте әсерлі, қанық дыбысты туындыға бейнебаян да түсірілді. Былтырғы жылдың көктемінде Қазақстанға сапарымен келген «Break of Reality» тобы Ғалымжан Молданазармен ынтымақтастығын одан әрі жалғастырмақ.

Қазіргі таңда Ғалымжан «Молданазар» тобымен жұмыс жасап, жаңа туындыларымен қуантуда.

 

Дата рождения
1988-10-20
Видеоклипы (2)
Кім ол?
Moldanazar
Ақпен бірге
Moldanazar
Жауап бар ма?
Moldanazar
Өзің ғана
Moldanazar
Сағым
Moldanazar
Жаным сол
Moldanazar
Мейірімді бол
Moldanazar
Сенің жаныңда
Moldanazar
Треки (0)