Антология
2566
Айдана Меденова
Об исполнителе

КешYou тобыны тарихында «алтын құрамындағы» кенже қыз Айдана Меденова 1991 жылы қыркүйек айының 28-ші жұлдызында Семей қаласында музыканттар отбасында дүниеге келді.

Отбасында үш ағайынды: әпкесі Назым – бүгінде сүйікті жар,аяулы ана, ағасы Ермек – «Ғасыр» тобының экс-мүшесі, саксофоншы, қазіргі таңда жеке өнер көрсетуде, отбасылы. 5 жасынан сахнаға шығып ән шырқаған әнші қыз музыкалық мектепте фортепиано сыныбында оқып жүріп кейін өздігінен скрипканы таңдады, би үйірмесіне де қатысқан.

Кішкентайынан отбасымен түрлі іс-шараларда өнер көрсетіп ән айтқан. Мектепті бітірген жылдары анасынан айырылған. Бала кезінде сахнаға жетелеген, түрлі байқауларға қатыстырып, қызын сахнадан көргісі келген анасы болатын.

Әке жолын қуған ерке қыздарыңыз сурет салғанды ұнататын. Сондықтан, білім грантын ұтып Алматы қаласы Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясында дизайн  факультетінің «Сәулет дизайны» мамандығы бойынша білім алған.

2012 жылы КешYou тобында өзгерістер болып жатқан сәтте Айдана Меденова кастингтен өтіп Жанар Дұғаловамен топ құрамына кірді. 2012-2015 жылдары қыздар топтың «алтын құрамы» атанған себеп - қатарынан «Қазақтың қыздары», «Асықпа», «Туған жер» атты хит әндер шығарып, телехикаялар мен тележобаларға қатысып өздерін жан-жақты көрсеткен болатын. 2013 жылы Muzzone арнасының ұйымдастыруымен өткен «Eurasia Music Awards» байқауында «Ең үздік қыздар тобы» номинациясына иеленді.

Актерлік салада бағын сынаған Айдана Дос-Мұқасан ансамблінің 45 жылдығына арналған «Сұлу бойжеткен» мюзиклінде, «Ғашық жүрек» телехикаясында өзін талантты актриса ретінде көрсетті.

2015 жылы «Shine Production» продюссерлік орталығындағы келісім шарт мерзімі аяқталып, Айдана тұрмысқа шығады. Топтағы жұмысы аяқталғанмен, өзінің жеке шығармашылығына көңіл бөледі. Бастапқыда дизайнерлікпен айналысып, жұбайы Алишер Нұржанов продюсерлік жасайтын «Индиго» тобына сахналық көйлектер тіккен талантты қыз декреттік демалыста отырып қалмады.

Отбасылы болып, ана атанғанына қарамастан шығармашылығынан ұзап кеткен емес. Керісінше «Алға», «Керегі жоқ», «Тыңда», «Менімен биле» атты әндер шығарып, соңғысына бейнебаян да түсіріп үлгерді. Сонымен қоса 2016-шы жылдың наурыз айында өзінің сән салонын ашқан әнші енді business-lady атанды. Өзі әнші, актриса, дизайнер, сүйікті жар, ең бастысы аяулы ана Айдана Меденова қарқынды жұмыс жасап өз тыңдармандарын жаңа туындыларымен қуантуда. 

Дата рождения
1991-09-28
Видеоклипы (1)
Менімен биле
Айдана Меденова
Су
Айдана Меденова
Айтшы тіке
Айдана Меденова
Треки (3)
Алға
Айдана Меденова
Тыңда
Айдана Меденова
Менімен биле
Айдана Меденова
Айтшы тіке
Айдана Меденова
Жетемін арманыма
Айдана Меденова