Антология
19
Дос-Мұқасан
Об исполнителе

Дос-Мұқасан – алдыңғы толқынның жастығының куәсі. Кейінгілердің үлгісі. Қазақ эстрадасының ірге тасын қалаған серілер тобы 1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылған. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. Талай тойдың әнұранына айналған «Той жыры» әні әр шаңырақтың шаттық әні,-десек, артық емес.

 

«Той жыры» әні 1970 жылы дүниеге келген. Әннің әуенін Досым Сүлеев, ал сөзін Ұлықпан Сыдықов жазған. Топ мүшелерінің ішінде алғашқы болып Мұрат Құсайынов отау құрып, бір айдан кейін той жасайтын болды. Жігіттер өзара ақылдаса келе, тойға тарту ретінде ән жазып, сыйлайық деп шешеді. Алайда, айтылған бұл сөз ұмытылып кетіп, жігіттер той болатын күні бірақ ән жазуға кіріседі. Ұлықпан сөзін ажзып, Досым әуенін жазуға кіріседі. Жарты сағат ішінде ән жазылып, ол «Той үстінде» деген атаумен тойда шырқалады.

Композитор Досым Сүлеевтің “Ға­шықпын” (сөзі Ұ.Сыдықов­тікі), “Алматы түні”, “Күт мені”, “Жан досым” (сөзі Т.Молдағалиевтікі), М.Шаха­нов­тың сөзіне жазған “Бақыт­қа барар жолда”, Қ.Мырза­лиевпен бірлескен “Дала”, Б.Тәжібаевтің сөзіне жазған “Әже әлдиі”, Б.Жұмаділовтің сөзіне жазған “Это ты” әндері жұрттың көңілінен орын алғаны қашан. Ол әндерде махаббат, достық, сағыныш сезімдері тұнып тұр. “Жан досым” әнін Досым Қамит пен Мейірбекке арнады.

1973 жылы Досым Сүлеев ғылым жолын біржола таңдап, Мәскеу болат және балқыту институтының аспирантура­сына оқуға кетуге тура келді де, ансамбль жетекшісі болып Мұрат Құсайынов сайланды. “Жан досымы” сол кезде қимастықтан туған ән еді.

 

«Дос-Мұқасан» ансамбльінің негізін қалаушылардың бірі Бақытжан Жұмаділов 2010- жылы қайтыс болды. Марқұм аң аулаудан қайтып келе жатқанда көлік апатына ұшыраған. Бақытжанның жылы жүзі, ерекше дауысы ел есінде мәңгілік. 

Видеоклипы (0)
Треки (0)