Антология
29
Тамара Асар
Об исполнителе

Жанқұл Тамара Асар Маңғыстау облысы,  «Ақшұқыр» ауылында ұстаздар отбасында 1976 жылы 16-шілде де дүниеге келген. Өмірде де, өнерде де өжеттігімен көзге түскен талантты әншілердің бірі. 90-шы жылдардың соңында ол жол апатына ұшырап, бір аяғынан айрылған болатын. Араға жылдар салып, денсаулығын қалпына келтірген әнші, өзін — өзі қамшылап өмір сүруді әдетке айналдырды. Қамбар есімді ұлды тәрбиелеп отырған ана. Еңбек жолын Ақтау қаласындағы М.Өскінбеков атындағы облыстық филармонияда бастаған. Осыған дейін Астана және Алматы қалаларында бірнеше жеке есеп беру кештерін өткізген. Оншақты бейнебаяны бар. 

Әнбаяндары: 

  • «Ариайдай»,
  • «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»,
  • «Жалғыз досым»,
  • «Ренжімеші»,
  • «Сол бір қыз» 

    Соның ішінде, «Жаным неге» атты бейнебаян Қазақстан тарихындағы алғашқы анимациалық 3D форматында жазылған.


    Әншінің өміріндегі тағы бір елеулі оқиға, ол 2001 жылы Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм  киностудиясында өзі жәйлі түсірілген «Арманның ақ желкені» атты деректі фильмі.

Видеоклипы (2)
Сұрадым сені
Тамара Асар
Ренжімеші
Тамара Асар
Треки (1)
Cұрадым сені
Тамара Асар