Антология
7
Алтынай Жорабаева
Об исполнителе

Алтынай- ОҚО-дағы Төле би ауданының Бейнеткеш ауылында 1978 жылы дүниеге келді. Әкесі – Құлажан Жорабаев қатардағы совхоз қызметкері, анасы – Жаңыл қазан-ошағы басында, тынымсыз үй шаруасымен ұл-қыздарын тәрбиеледі.2009 жылы 65 әндерден тұратын үнтаспасы жарық көрді. Олар көптеген қазақ және ағылшын, түрік, тәжік, қытай, грузин, өзбек, белорусь халықтарының әндерінен құралған. Ең жиі айтатын әндері: композиторлар – Б.Оралұлы, Н.Тілендиев, Ш.Қалдаяқов, А.Дүйсенбі, Т.Шапай, Ұ.Жолдасов, А.Ақаев, А.Сүлейменов, Б.Шыналиев, М.Жаутықов, Б.Тұрғараев, Ә.Ботақараевтың туындылары.2008 жылы Алтынай Жорабаеваға 30 жасында Елбасының жарлығымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Ол осы атақты иеленген әртістердің ішіндегі ең жасы.

2008 жылы Алтынай Жорабаеваға 30 жасында Елбасының жарлығымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Ол осы атақты иеленген әртістердің ішіндегі ең жасы.

Алтынай Жорабаеваның алғашқы аудио альбомы 2002 жылы «Арманыма ғашықпын» деген атпен шыққан болатын. Ал «Өмір-өзен» атты алғашқы жеке концерті 2004 жылы «Қазығұрт» өнер орталығының ұйымдастыруымен Алматыдағы Республика сарайында өтті. «Жүрші сәулем ауылға», «Елімнің жүрегі-Астана» деген үнтаспа альбомдары мен «Өмір-өзен» атты бейнетаспа альбомы жарыққа шықты. Қазіргі таңда Алтынай 4 қызды тәрбиелеп отырған  ана.

Дата рождения
1978-10-28
Видеоклипы (0)
Треки (3)
Асыл сезім
Алтынай Жорабаева
Жұбайлар жыры
Алтынай Жорабаева
Туған күн
Алтынай Жорабаева