Антология
13
Данияр Рахметжанов
Об исполнителе

Жеке өмірбаяны: 

Мен Рахметжанов Данияр Сағдатұлы 1988ж. 6-тамыз күні дүниеге келдім. Туған жерім Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы. Әке – шешем Қазақстанға белгілі дәстүрлі әншілер Қазақстанның еңбек сіңірген артистері.  Сол себепті кішкентайымнан өнерге бейім болдым. Музыкалық мектепте домбырадан дәріс алдым. Мектепті бітіргеннен кейін М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Музыкалық білім» факультетін қызыл дипломмен тәмәмдадым. Өзімнің жеке шығармашылығыммен, яғни рэп жанрымен мектеп қабырғасында жүріп-ақ айналысқанмын. Қазіргі таңда жеке шығармашылық қоржынымда 30ға тарта әндерім бар («Түнгі Орал», «Майдан хаты», «Мама», «Мен-Сөзбін» т.б)

2010ж. «Жамағат production» тобын құрдық. Бұл топта менімен қоса Тарлан, Мұңайтар, Жақау атты талантты жігіттер өнер көрсетеді.

2011ж.  Жақаумен бірлесіп бұрын соңды болмаған этно-рэп стилінде жазылған «Қазағыма лайықты» атты жыр жинағымыз жарық көрді. Альбомның барлық әндері таза қазақи бағытта, қазақтың ұлттық аспаптарымен нақышталып, өрнектелген.

2012ж.  «Елім—ай» атты жыр жинағымызды жаздық. Бұл да Жақаумен бірлесіп жазылған альбом. Алдыңғы альбомнан өзгешелігі, қазағымыздың тарихына ерекше тоқталып кеттік.

2015ж. Өзімнің алғашқы «Мен – Сөзбін» атты альбомымды жаздым. Бұл альбомға 10ға жуық әндер кіреді. Сол альбомның 3 әніне бейнебаян түсірдік.1. «Интро» (Режиссер: Балахметов Азамат),2.  «Мама» (Режиссер: Балахметов Азамат), 3. «Мен – Сөзбін» (Режиссер: Рзагалиев Аманат).

«Мен – Сөзбін» клипі Орал қаласында түсірілді. Режиссер: Рзагалиев Аманат. Бұл клипқа ат салысқан  Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Эстрадалық – симфониялық  оркестрі». Жетекшісі: Мәдениет Меңдіғалиев.

Қазіргі уақытта Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда жұмыс атқарамын, онымен қоса «DD records» атты жеке продюссерлік орталығымызды аштық.

 

Дата рождения
1988-08-06
Видеоклипы (1)
Мен сөзбін
Данияр Рахметжанов
Треки (1)
Мен сөзбін
Данияр Рахметжанов