Антология
70
Артур Толепов
Об исполнителе

Актер, әнші, тележүргізуші – Артур Төлепов Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге келген. Есімін әкесінің ағасы «Король Артур» сынды ханзада, елдің тыныштығын қызғыштай қорғайтын азамат болсын деген ниетпен қойған. 1996 жылы отбасымен Алматы қаласына қоныс аударған. Алматы қаласындағы №136 орта мектепте 9-сыныпты тәмамдаған соң, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында актер мамандығы бойынша білім алған. Кейін сол өнер академиясында кино және телевизия продюсері мамандығын игеріп, биыл шілдеде кезекті дипломын қолға алды. Артур өнерден бөлек, спортпен шұғылданады. «BarBars» спорт клубының мүшесі. Онда жастарды салауатты өмір салтын қолдауға, артық салмақтан арылуға, бұлшық етті нығайтып, дене мүсінін сымбатты көрсетуге үйретеді. Тамызда спортшы достары - Ислам Бадургов пен Рамазан Омаров үшеуі Түркия елінің, Алания қаласына жарысқа аттанбақ. Жақында ол «Бір сен деп» деген әніне түсірілген бейнебаянын таныстырды. Бюджетіне қыруар ақша жұмсалды. Сюжеті де ешкімге ұқсамайтын жаңа жұмыс болды. Әншілікті қолға алғанға дейін продюсері Жанна Абуова Ресейге жіберіп, вокалдан дәріс алдырған. Сол қарқында қызу жұмыстар жалғасын тауып жатыр. Жуырда шетел жұлдызы – Джон Ньюманмен бір сахнада жанды дауыста өнер көрсетті. Басы бос, үйленбеген. Көп қыздардың қиялдағы ханзадасы. Иманжүзді, ақылына көркі сай ару жолығады деп үміттенеді.

Дата рождения
1992-01-11
Видеоклипы (1)
Бір сен деп
Артур Толепов
Без тебя
Артур Толепов
Асықтым
Артур Толепов
Треки (4)
Бір сен деп
Артур Толепов
Айдай әдемім
Артур Толепов
Бір бақыт
Артур Толепов
Алдама
Артур Толепов
Asyktym
Артур Толепов