Антология
58
Нұржамал Үсенбаева
Об исполнителе

Үсенбаева Нұржамал Пернебекқызы (4.6.1958 жылы туылған, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы) — әнші (лирика-колоратуралық сопрано), Қазақстанның халық артист (1996). 1984 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) вокалдық факультеттін (профессор Б.Жылысбаевтың класы бойынша) бітірген. Сол жылдан бастап Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театрының соло-әншісі. Осы театр сахнасында орындаған аса елеулі партиялары қатарына Қыз Жібек, Дана (Е.Г. Брусиловский, Қыз Жібек пен Ер Тарғын), Ажар (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, Абай), Сара (М.Төлебаев, “Біржан — Сара”), Зылиха (Б.Жұманиязов, Махамбет), Наталья (Жұбанов пен Ғ.Жұбанова, (“Құрманғазы”), Розалинда (И.Штраус, Жарқанат), Виолетта (Дж. Верди, Травиата), Антония (Ж.Оффенбах, Гофман ертегілері), т.б. бар. Қазақ әндерін де (Шилі өзен, Алқоңыр, т.б.) үлкен шеберлікпен орындайды. Биік деңгейдегі кәсіби шеберлік пен шынайылық, баурап алар сахналық тартымдылық пен табиғи талғампаздық оның әншілік өнеріне тән қасиет. Ү-ның репертуарынан ұлттық және шет ел композиторларының әр алуан музықалық шығармалары мол орын алған.

Дата рождения
1959-06-04
Видеоклипы (2)
Гәкку
Нұржамал Үсенбаева
Ақ желкен
Нұржамал Үсенбаева
Треки (1)
Гәкку
Нұржамал Үсенбаева