Антология

Об исполнителе
Әнші Нұржан Керменбаев 17-ақпан күні, 1989 жылы Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. 2006 жылы «Superstar.kz-3» телешоуының жеңімпазы. Негізгі мамандығы хор дирижеры. Жезқазған қаласындағы музыкалық колледждің 2009-жылғы түлегі. Латвияның Юрмала қаласында «Жаңа толқын» байқауында бақ сынап, 14-орынды қанағат тұтты. Нұржан бос уақытында бильярд, стол тенисін ойнайды. Адамдардың бойынан қарапайымдылық пен шынайылықты бағалайды. Жақында ол отбасын құрды.