Антология
1056
Luina
Об исполнителе

Ән салуда ерекше тәсілді таңдаған мықты дауыс иесі көпшілікке Luina ретінде таныс Луиза Каринбаева 1987 жылы мамыр айының 25-ші жұлдызында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келді.Тегінің түп тамыры Астрахань қаласы Камызяк ауданынан шыққан, дегенмен, 5 жасынан ата-әжесінің қолында Ақтау қаласында өскен. Орта мектепті тәмамдап, Астрахань қаржы университетіне түсті.  

Кішкентайынан әжесінің тәрбиесінде болған Луиза ата-анасының пікірінше экономист, заңгер боларына қарамастан 10 жасынан өзін тек шығармашылықта көрген. Отбасында музыканттар болмаған: атасы теңізші болған, кейіннен өңірдегі шаруашылықпен айналысқан, әжесі үй шаруашылығындағы адам болды, бірақ, әншінің сөзінен үстел басында айтылатын әндерді үйретіп музыкаға деген сүйіспеншіліктің негізін салған әжесі еді. Кішкентай қыз әншілікке құмар жандардың қатарында болды, оған қоса әр мүмкіндікті пайдаланып үйде болсын, қонақта болсын ән шырқаудан жалықпай, түрлі байқауларға қатысты. 11 жасында құрбыларымен жазған өлеңдерін әшейін балалық жазбалар деп қабылдағанмен кейіннен ән жазып көрген кездері де болған.

Шығармашылығы 13 жасында ұстазы Ольга Хныкинада оқып жүргенде басталды,түрлі байқаулар мен фестивальдерге қатысу арқылы музыкамен кәсіби айналысудың жолдарын іздеген әнші қыз Маңғыстау облысында өткен «Музыкалық саяхат» (Музыкальный вояж) атты байқауда 2-ші орын алды. Вокал сабақтарын Луиза Дмитрий Печугин ұстазынан алған болатын. Кейін жергілікті «Дабл» (Double) дуэті және «Энжелс» (Angels) тобында ән айтқан.

2010 жылы Алматы қаласына келіп X-Factor жобасы Қазақстандық нұсқасының іріктеу кезеңінен өтіп жартылай финалға жетіп, жобадан шығып кеткен сәтте, бақытына орай, Луиза Каринбаева «National Development Group» продюсерлік орталығының негізін салушы Жомарт Сүлейменовтен бірге жұмыс жасауға ұсыныс алады. Сонымен бірден ұзақ мерзімді келісім шартқа қол қойып сахналық Luina лақап атымен шығады. Тек жанды дауыста ән айтатын әншіні сүйемелдейтін талантты музыканттардан тұратын арнайы топ та құрылған.

Қоржынындағы алғашқы үш әнін талантты музыкант, композитор Ice (Сырым Набикулов) жазған, ал Luina-ның бірінші композициясы «Луна» деп аталады. Орындауындағы «Одна» туындысының әуені кәсіби маманның көмегімен жазылған, яғни авторы Луизаның өзі. Сондай-ақ, бұл әнді белгілі рэпер BigSom-мен орындап бейнебаян түсірген болатын. Ғаламтор пайдаланушыларына әсерін тигізген бейнебаян аз уақыт ішінде  2,5 млн қарауға ие болды. Осымен тоқталмай ресейлік ST және Карандаш есімді рэперларымен жазған «Титаник» әні тек қазақстандық қана емес ресейлік тыңдармандарын да тапқан, ал ресейлік музыкалық арналарда үздік әндер тізімінің шыңында 2 айға жуық уақыт орын алған.

Өзінің әндерінен тыс әлемге танымал орындаушылардың әндеріне кавер нұсқаларын да жазатын Luina, 2012-ші жылдың желтоқсан айында «Жыл әншісі» атанса, Cosmopolitan Kazakhstan басылымының «Жыл әйелі-2012» атағына ие болды. 2013 жылы фортепиано аспабын меңгере бастаған әнші қыз өзі ән жазып үйренуде. Құрмет пен марапат тізімі 2013 пен 2014-ші жылдары EMA еуразия музыкалық сыйлығының нұсқауы бойынша «Жыл әншісі» атағымен толықса, Бішкек қаласында өткен Femme Style Awards-2014 салтанатының «Жыл құрметі» атауына ие болды. Оған қоса бірнеше рет Ғаламтор желісіндегі қазақстандық шоу-бизнестің танымал тұлғасы атанған. Luina музыкалық білімі жоқ біртума әнші десек, артық айтқанымыз емес.

2016-шы жылдың ақпан айында GakkuTV арнасында Luina мен рэпер Big Som-ның  «Ближе» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өткен болатын, және әнші Kенталдың орындауындағы «Перизат» әніне екінші тыныс сыйлады, яғни Кенталмен қоса орындап шықты. Қазіргі таңда тыңдарман қауымды жаңа туындыларымен қуантуда жұмыс жасауда. 

Дата рождения
1987-05-25
Видеоклипы (4)
Скажи
Luina
Қалайша?
Luina
Астана
Luina
Титаник
Luina
Треки (5)
Лабиринт
Luina
Одна
Luina
Қалайша?
Luina
Неге жаным?
Luina
Скажи
Luina
Кімсің?
Luina
В интернете
Luina