Жаңалықтар
2 желтоқсан, 2015

Ninety One тобы альбомын жарыққа шығарды

Мини-альбомде 5 ән жазылған.

Күздің алғашқы күнінде олар тырнақ алды туындысын жарыққа шығарды. Енді міне, қыстың бірінші күні шағын альбомын ел назарына ұсынып отыр. Q-поп стильінің елімізде негізін қалаған Ninety One күні кеше шағын концерт ұйымдастырды. Аз ғана уақытта бір бейнебаян, алты ән шығару еңбекқорлықтың нәтижесі. Сондай-ақ, eaglezдар үшін дейді топ продюсері Ерболат Беделхан

"Бір жұманың ішінде жаздық. Бір айдың ішінде дайындадық. Сөйтіп, бұл альбомды өте жылдам сол eaglezдар үшін және 91 тобының фанаттары үшін жылдам істеп шығарып жатқан себебіміз осы",  - бөлісті Ерболат Беделхан.  

Жаңа ән жинаққа топтың орындауындағы 6 ән кіріпті. Оның ішіндегі 5 ән Gakku мюзик студиясында жазылған. Ондағы әндер бір-бірімен тікелей байланысты. Альбомда қыз бен жігіттің арасындағы қауышу мен қоштасу бейнеленген. Ал, кешке жиналған халықтың ықыласына Ninety One жігіттері таңданып, әрі қуанып қалды.

"Бүгінгі кештің атмосферасы өте керемет. Өте көңілді болды. сондықтан, барлық фанаттарға, eaglezдарға көп рақмет. Біз сіздерді жақсы көреміз",  - айтты Ninety One жігіттері.  

Топтың тыңдармандары тек қана алаңда ғана емес, соныменқатар өзге де елдерде де жетіп артылады екен. Оны алаңдағы экраннан жігіттер және жиналған қауым тамашалады. 

ALEM, топ мүшесі: "Оооо... Мен шынымды айтайын, жүрегім босап жылағым келіп кетті. Бәріміз сондай болдық. Ең бірінші біз көрген, «Сәлеметсізбе. Біз Финляндиядан eaglezдармыз» дегенде айқайладық. Шыныменде мұндайды күткен жоқпыз. Бізді Финляндияда тыңдайды деп".

Құрылғанына аз ғана уақыт болса да жігіттердің тыңдармандары көп көрінеді. Мұндай қарқынмен топтың қандай белеске жететіні белгісіз. Әйтеуір, көлеңкеде қалмайтыны сөзсіз. Сәтілік тілейміз. 

0
Пікір