Антология

Об исполнителе
Әнші Әли Оқапов белгілі музыканттар шаңырағында Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келген. Әкесі Тасқын Оқапов белгелі «Арай» ансамблінің негізін қалаушы. Халық артисі – Роза Рымбаева да сол кезде талантты музыканттың жобасы еді. Жөргектегі нәресте Әли ән сапарды ата-анасымен сол кезде бастап кеткен. Есейе келе музыка мамандығы бойынша кәсіби білім алды. Алдымен Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебін фортепиано сыныбы бойынша тәмәмдап, кейін Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында жалғастырған.
Бірнеше республикалық, телевизиялық байқауларға қатысып, жан-жақтылығын көрсетіп жүр. Жас таланттың композиторлық өнері де бар. Ән айтып, би билеп қана қоймайды. Бастан кешкен махаббат хикаяларын әдемі әндерімен де жеткізіп жүр. Ән айту бағыты ғана емес, киіну стильі де ерекше. Барынша өзін жұмбақ жандылардың қатарында ұстайтындықтан шығар, қара түске жаны құмар. Әнші мамандықтан адамдықты бірінші орынға қойған. Өмірлік ұстанымы да қарапайым: «Атаққа таласып, адамгершілікті аттамаймын», - дейді. Әлидің орындалмай қалған бір арманы бар. Марқұм Батырхан Шүкеновпен бірге ән орындамақ болған. Әннің өңделуіне біраз уақыт жұмсалыпты. Кеш қалғаны үшін өзін кешіре алмай жүр. Ендігі мақсаты қазақ эстрадасын дамытуға үлес қосу.
Видеоклипы исполнителя (8)
Треки исполнителя (13)















































